Текст
20.08.2020
2020 жылғы 20 тамыз күні барлық мектептерде сонымен қатар «Бейісхазірет негізгі мектебі» КММ-нде «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» тақырыбында қашықтықтан ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа белсенді түрде 21 ата-аналар қатысты. Мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшіліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдері) хабардар ету. Мектеп директоры С.Д.Нурпеисов осы мақсатта оқыту ерекшіліктерін атап өтіп, санитарлық норманы сақтай отырып мектебіміздің штаттық түрде жұмыс жасайтынын түсіндірді.