Текст
Мектебімізде Аналар күніне орай «Саған рақмет…» атты челлендж ұйымдастырылды. Оқушылар өз аналарына деген сүйіспеншілігін, құрметі мен алғысын білдіріп, қамқорлығы, қолдауы мен мейірімі үшін жүрекжарды бейнеүндеулер жазды. Бұл челлендж әр адамның өміріндегі ананың маңызды рөлін еске салған әсерлі шараға айналды.