Текст
28.04.2026
Біздің мектебімізде «Бір-бірімізге жылы сөздер айтамыз» атты челлендж өткізілді. Оған оқушылар белсенді қатысып, бір-біріне жылы сөздер айтып, шынайы тілектерін білдірді.
Челлендж барысында оқушылар бір-біріне комплимент айтып, сыныптастарының жақсы қасиеттерін атап өтті және бір-бірін қолдады. Бұл шара жылы, достық атмосфера қалыптастырып, барлық қатысушылардың көңіл-күйін көтерді.
Іс-шара адамдардың жақсы қасиеттерін байқай білу және оны ашық айту қаншалықты маңызды екенін еске салды. Себебі қарапайым жылы сөздер қарым-қатынасты жағымды етіп, адамдар арасындағы байланысты нығайтады.