Текст
25.04.2026
Бастауыш сыныптарда «Халықтар достығы күні» атты сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігі туралы әңгіме жүргізілді.
Оқушылар әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және ұлттық тағамдарымен танысты.
«Тағамды тап», «Достықты жеткіз», бояу жұмыстары сияқты ойын және шығармашылық тапсырмалар орындалды.
Балалар белсенділік танытып, қызығушылық көрсетті, достықтың, өзара құрмет пен келісімнің маңызын түсінді. Сынып сағаты жылы әрі достық атмосферада өтті.