Текст
15.12.2025
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің тарихи маңызын ұғындыру, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру болды. Салтанатты жиын барысында оқушылар Тәуелсіздік күнінің мәні мен маңызын терең түсініп, Отанға деген құрметін өлең жолдары арқылы жеткізді. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.