Текст
03.11.2025
30 қазан 2025 жылы мектебімізде «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты танымды сайыс өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың тіл байлығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және ұлттық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ояту болды.
Сайыс барысында қатысушылар қазақ халқының мақал-мәтелдерін жатқа айтып, олардың мағынасын ашты, сондай-ақ түрлі жұмбақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті.
Оқушылар белсенділік танытып, ерекше ынта көрсетіп, өздерінің тіл байлығы мен ой ұшқырлығын дәлелдеді. Үздік нәтижеге қол жеткізген қатысушылар марапатталды.
Бұл іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне, сөздік қорын байытуына және ойлау қабілетін дамытуына септігін тигізді.