Текст
03.11.2025
Бүгін мектебімізде «Заң және менің құқығым» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты — оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысып, бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген негізгі құқықтары туралы мәлімет алды. Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, өмірден мысал келтіріп, түрлі жағдайларды талқылады.