Текст
30.10.2025
«Көш көсемі – 2025» байқауы
31.10.2025 ж. аудандық «Көш көсемі – 2025» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін, шығармашылық ойлауын және белсенді азаматтық позициясын дамыту.
Бұл маңызды шараға біздің мектеп те қатысты. Мектебіміздің намысын Нерезко Игорь қорғап, сенімділік, бастамашылдық және мектеп қауымдастығын дамытуға деген ұмтылысын көрсете білді.
Байқау нәтижесінде мектебіміз төмендегі номинация бойынша марапатталды:
«Ең мақсатшыл көшбасшы».
Бұл — мектептегі оқушы өзін-өзі басқару жұмысының дамуы жолындағы тағы бір маңызды қадам. Құттықтаймыз және болашақта да жарқын жеңістер мен биік жетістіктер тілейміз!